Экология министрлігі жолбарыстарды көбейтуге 1,1 млрд теңге сұрады, деп жазады Alash.KZ.
Министрлік бұл қаржыны жолбарыстарға жағдай жасауға қажет деп көрсеткен. Сондай-ақ аталған сома Ұлытау тау массивінің табиғи әрі тарихи-мәдени орындарын сақтау үшін де жұмсалады.
Еске салайық, Қазақстанда жолбарыс тұқымдарын қайта жандандыру идеясымен 2024 жылы Нидерландыдан амур жолбарыстары әкелінді. БҰҰ қолдауымен «Іле-Балқаш» табиғи қорығында жолбарыстарға арналған вольер орталығы құрылды.
Биыл Ресейден жабайы табиғаттан тағы үш-төрт жолбарыс әкелу жоспарланған.
Сонымен Тұран жолбарысын қалпына келтіру үшін ең қолайлы орын ретінде Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы, Ертіс өзенінің шығыс жағалауы таңдалған. Балқаш өңірінде кемінде 100 жолбарыс популяциясын құру мүмкіндігі жоспарланған.
Аңдардың азық қоры дайындалады. 7 жылдың ішінде 200 бас тоғай бұғысы, 60 бастай құлан алып келінеді. Одан тыс сол жерде табиғи қабанның популяциясы, еліктің популяциясын көбейтуге біраз жұмыс жасалады екен.
Жолбарысты Қазақстанда жерсіндіруге қыруар қаржы бөлінетіні айдан айқын. Ол шығын ақтала ма немесе құмға сіңген судай жоқ бола ма?