“Ninety one” тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаев Zamandas порталына сұхбат берді. Сұхбатында топқа қайта оралуы мүмкін екенін де жасырмады, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесінің айтуынша, бұған дейін топқа қосылу мәселесі қозғалмаған.
«Мен топқа қайта оралуымды жігіттермен ақылдаспағанбыз. Қазіргі уақытта олар төрт адаммен үйреніп қалған сияқты, сол себепті кедергі жасамаймын. Дегенмен ұсыныс болса, қарсы емеспін», — деді Азамат Зенкаев.
Сонымен қатар, ол бұрынғы және қазіргі құрамымен бірге камбэк жасау жоспарын жасырмады:
«Концертте бұрынғы және қазіргі “Ninety one” қатар өнер көрсетсе күшті болар еді. Алғашында бесеуміз, кейін төртеуі, арасына жеке әндер қосылып, соңында жаңадан жазылған екі әнмен аяқтасақ, халыққа ұнайтын шоу болар еді», - деді ол.