Қарағандыда ХҚКО маңында ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Сортировка тұрғын алабындағы орман алқабынан ер адамның жансыз денесі табылды.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Бұл ақпаратқа Қарағанды облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.
“14 сәуір күні қаланың шетінде орналасқан орман алқабынан 54 жастағы ер адамның зорлық-зомбылық белгілері жоқ мәйіті табылды. Аталған факт полицияда тіркелді. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, оның өліміне жедел қан айналымының бұзылуы және басқа да аурулар себеп болған”, – деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ПД.