2 ақпан түні Самал шағын ауданы маңындағы Чаган өзенінен суға батқан автокөлік табылды, деп хабарлайды Alash.kz.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, көліктің ішінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ екі ер адамның мәйіті табылған.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Мәйіттер сараптамаға жіберілді.