Ақтөбеде 19 ақпанда жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген әйел көптеген пышақ жарақаттарынан көз жұмды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы «Диапазон» порталына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас жедел жәрдем қабылдау бөлімінен бірден ота жасатуға жіберілген. Дәрігерлер шұғыл операция жасағанымен, 20 ақпанда ауыр жарақаттар салдарынан келіншек жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жарияланбайды.