Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жантүршігерлік жағдай: Анасы мен ұлы бірнеше жерден пышақталған күйі ауыр жағдайда ауруханаға түсті

09:26, 29 қаңтар 2025 1213

Ташкентте адам шошырлық оқиға орын алды. Қаланың медициналық мекемелерінің біріне  пышақ жарақатын алған әйел мен оның 12 жастағы ұлы жеткізілді, деп хабарлайды Alash.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер шабуылға ұшыраған. Әйелдің арқасына бірнеше жарақат салынса, ал оның ұлының кеуде қуысына ауыр жарақат тиген.

Дәрігерлер ананың жағдайын қалыпты деп бағаласа, баланың жағдайы ауыр.

Қазір медицина қызметкерлері зардап шеккендерге қажетті барлық көмекті көрсетуде.

Шабуылды отбасының жақын туыстарының бірі жасаған болуы мүмкін деген болжам бар. Жәбірленушілер тәртіп сақшыларына берген мәлімдемесінде осылай деген.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.

Құқық қорғау органдарының өкілдерінен ресми түсініктеме әлі түскен жоқ. Оқиғаның егжей-тегжейі анықталуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар