Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жанармай бекетінің басшысы ұсталды". Ақтөбеде көлік өртеніп, үш адам қаза тапты

17:11, 20 маусым 2026

Ақтөбе қаласындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде болған қайғылы оқиға салдарынан үш адам қаза тапты, олардың екеуі – балалар. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп жазды Alash.kz.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға жанармай бекетінің аумағында тұрған Honda автокөлігінің өртенуінен басталған.

«Қайғылы оқиға салдарынан үш адам, соның ішінде екі бала көз жұмды. Тағы бір адам ауыр күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады полиция.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полицияның хабарлауынша, жанармай бекетінің иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды», – деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желілерде Ақтөбедегі Бөгенбай батыр көшесі бойында орналасқан жанармай бекетінде көліктің өртенгені туралы бейнежазбалар тараған болатын. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар көпшіліктің назарын аударды.

Қазіргі таңда тергеу жалғасып жатыр. Полиция оқиғаның ресми қорытындысы шыққанға дейін түрлі болжамдарға сенбеуге шақырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар