Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жаңа үйдегі жасырын қауіп: BI Group пәтерінен не табылды? (ВИДЕО)

14:55, 06 қазан 2026

Астанадағы «Greenline Verda» тұрғын үй кешенінің тұрғындары жаңадан алған пәтерлеріндегі электр сымдарының сапасыздығына шағымданды, деп хабарлайды Alash.kz.  

Қабырға ішін сөккен кезеңде өрт қаупін тудыратын өрескел қателіктерді байқаған үй иелері құрылыс салған компаниядан жауап күтіп отыр.

Тұрғындардың сөзінше, пәтерді қабылдау кезінде бұл ақауларды көру мүлдем мүмкін болмаған, себебі электр желгілері әрлеу материалдарының астына жасырылған. Жөндеу жұмыстарын бастап, қабырғаны ашқан кезде сымдардың қосылған жерлері тым көп екені, оқшаулағышы зақымданып, кей бөліктері тіпті қарап кеткені белгілі болған.  

Осы оқиғаға байланысты пәтер иесі өз қауіптенуін жасырмай:

«Осының бәрі әрлеу материалдарының астында жасырылып тұрды, сондықтан пәтерді қабылдау кезінде бұл мәселені көру мүмкін емес еді. Ең қорқынышты сұрақ — егер біз жөндеуді бастамай, бұл қабырғаны сөкпегенде не болар еді?» — деп дабыл қақты.  

Сондай-ақ ол тұрғын үй қауіпсіздігіне қатысты:

«Жаңа пәтер электр қауіпсіздігін қабырғаларды сөгіп тексеру керек дегенді білдірмеуі тиіс. Бұл жерде мәселе әрлеудің сапасында емес, адамдардың қауіпсіздігінде болып тұр», — деді.  

Қауіпсіздікті бірінші орынға қойған турғындар ток соғу, қысқа тұйықталу мен өрт қаупінің алдын алу үшін ескі сымдарды толықтай алып тастап, орнына жаңа мыс сымдарды жүргізуге мәжбүр болған. Тұрғындар мұндай жағдайдың басқа да пәтерлерде кайталану мүмкіндігіне алаңдап, құрылыс салушы тарапынан жасырын электр жұмыстарының қалай тексерілгенін білгісі келеді.  

Шағым иелері бұл мәселені құрылысын жүргізген BI Group компаниясына жеткізгенімен, әзірге құрылыс салушы тарапынан ешқандай оңтайлы шешім қабылданбаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар