АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Иранға қатысты алдағы саясатына байланысты маңызды шешім қабылдау кезеңінде тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Ақ үйден Огайо штатына сапарлайтындар алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Трамп Тегеран бағытында шешімге келудің «оңай жолы мен қиын жолы» қатар тұрғанын атап өтті. Алайда АҚШ басшысы «қиын жол» дегенде нақты қандай әскери немесе экономикалық шараларды меңзегенін ашып айтқан жоқ.
Бұл мәлімдеме қос мемлекет арасындағы күрделі дипломатиялық келіссөздер бәсеңдемей тұрған шақта жасалды. Вашингтон мен Тегеран арасындағы қарым-қатынасты реттеуге бағытталған байланыс арналары ашық болғанымен, түйіткілді түйіндер бойынша тараптар әлі де тоқтамға келе алмай отыр.
Сонымен бірге Трамп Иранның ядролық қару жасау бағдарламасынан іс жүзінде бас тартып жатқанын тілге тиек етті. Ақ үй иесі бұған дейін де Тегеранның ядролық арсеналға ие болуына түбегейлі жол бермейтінін бірнеше мәрте қадап айтқан еді.