Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Алдым. Рақмет! Ризамын!»: Мөлдір Әуелбекова көптен күткен қуанышты хабарын айтты

09:34, 06 қазан 2026

Отандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова ұзаққа созылған паузадан соң өнер айдынына қайта оралып, жеке шығармашылығын серпінді түрде қолға алғанын жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, тыңдармандарымен іштегі сырын бөлісті. Оның айтуынша, өнерден сәл алыстап қалуына карантин шектеулері мен бала күтіміне байланысты декреттік демалыс себеп болған.

«Ұзақ үзіліс болды… Карантин және декрет. Биыл күш-жігерімді жинап, шығармашылығыма толық кірістім. Оңай емес, әрине… Көрерменнің талғамы өзге, биік… Сол себепті жылдың басынан қадамымды мерейтойлық гастрольмен бастадым. Мақсатым: жеке ән кештерімде халықтың батасын алу еді. Алдым. Рақмет! Ризамын! Сағынысып қалғанымыз тағы бар…», — деп ағынан жарылды өнер иесі.

Сондай-ақ эстрада өкілі ел ішіндегі гастрольдік сапардың өзіне ерекше дем сыйлағанын ерекше атап өтті.

«Гастрольдік сапарда үлкен қошеметке бөленіп, шабытым тасып келдім. Сол деммен өз тыңдарманымды жиі-жиі Құдайдың берген талантымен қуантуға тырысып жүрмін. Ал бұйырса, білек сыбана кіріскен шығармашылығымның жаңа дәуірін тамашалай жүріңіздер, құрметті тыңдарманым!», — деді Мөлдір Әуелбекова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар