Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде сарбаздардың қаза табуына байланысты Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Alash.kz.
ҚР Ішкі істер министрлігі өкілдері оқиғаның мән-жайына қатысты:
«Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуы фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу шеңберінде ІІМ әскери-тергеу бөлімшесі қызметке салғырт қарағаны үшін ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы Бас қолбасшысы, 1-рангті капитанды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады», — деп мәлімдеді.
Аталған қайғылы оқиғаға қатысты жүргізіліп жатқан тергеу аясында бұған дейін де 5 лауазымды тұлға ұсталған болатын. Құрықталғандардың қатарында ҚР ҚК ӘТК Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, екі әскери бөлім командирі, сондай-ақ теңіз жаяу әскері ротасының командирі мен катер командирі бар.