Қазақстанда медицина қызметкерлері өздерінің ерекше мәртебесін айқындайтын жеке заң қабылдауды талап етіп, мәселе көтерді, деп хабарлайды Alash.kz.
Ақ халаттылар енбекақыны едәуір өсіруді, бейінді мамандарды зейнетке ерте шығаруды және кәсіби қателіктер орын алғанда қылмыстық қудалаудан қорғайтын иммунитет беруді сұрайды.
Осы орайда пікір білдірген травматолог-ортопед Нұрбек Надиров саладағы қатерлердің жоғары екенін жеткізді.
«Бізде медицина математика емес қой. Нашарлап кету қаупі мен сәтсіз аяқталудың түрлі тәуекелдері бар. Мұндайда дәрігерлер қылмыстық жауапкершіліктен қорқа бастайды. Сондықтан бұны заңнамада нақты белгілеу қажет. Хирургтердің әдетте ұзақ өмір сүрмейтінін, зейнетке дейін жете алмайтынын бәріміз білеміз. Сондықтан хирургиялық бағыттағы мамандарды: анестезиолог-реаниматологтарды, оталық медбикелерді зейнетке ертерек шығаруға болады», — деді Нұрбек Надиров.
Сарапшылардың айтуынша, үздіксіз асыра жұмыс істеу, түнгі кезекшіліктер, пациенттердің өлімі және науқастардың жақындары тарапынан болатын қысым мен дау-дамай дәрігерлердің эмоционалды түрде толығуына (выгорание) әкеп соқтырады. Ал құқық қорғаушылар дәрігерлердің құқықтық салдарлардан үрейленіп, тұрақты корқынышта өмір сүретінін растап отыр. Осындай ауыр өндірістік жағдай мен мардымсыз жалақы салдарынан білікті мамандар жақсы турмыс іздеп, шетелге ағылуда.
Еңбек қатынастары жөніндегі заңгер Бибігүл Ағыбаева еңбекақы мөлшерін түбегейлі қайта қарау қажеттігін атап өтті.
«Жалақы ең кемі бір миллион теңге болуы тиіс. Оның өзі аздық етеді, өйткені ауыр жұмыс жүктемесінен дәрігерлердің өзі сырқатқа шалдығады. Менің тәжірибемде ауруханада басқа маман болмағандықтан, екі еңбек шартымен қатар жұмыс істеген медицина қызметкерінің мүддесін қорғаған кейс болды. Сол сәтте ол адам денсаулығынан айырылып, соңында өзі онкологияға шалдықты», — деп мәлімдеді Бибігүл Ағыбаева.