Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Зорлады»: Алматылық 19 жасар бойжеткен полицейлерге ауыр айып тақты (ВИДЕО)

16:53, 05 қазан 2026

Алматыда полиция қызметкерлеріне қатысты шулы айыптауға байланысты ресми түсініктеме берілді, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде бойжеткен 19 қыркүйек күні өзі мен жігітін ұстау кезінде тәртіп сақшылары тарапынан физикалық, психологиялық және келісімсіз сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасалғанын айтып, шағымданған болатын.

Алайда Алматы қалалық Полиция департаменті аталған айыптаулардың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді. Ведомствоның нұсқасына сәйкес, бұл жұп ауладағы айқай-шуға байланысты тұрғындардан түскен шағымнан соң ұсталған. Құқық қорғау органдарының өкілдері жастардың мас күйде болғанын, агрессия көрсетіп, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына қарсылық білдіргенін алға тартты.

Сондай-ақ полиция өкілдері оқиғаның толықтай бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын және видеожазбалар бойжеткеннің сөздерін толық жоққа шығаратынын атап өтті.

Қазіргі таңда қос азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар