Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Оман сұлтанын қарсы алды

13:00, 06 қазан 2026

Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақорданың хабарлауынша, салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. 

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, Президент оркестрі Қазақстан мен Оманның әнұрандарын шырқады.

Бұдан соң мемлекеттер басшыларының келіссөзі басталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар