Мәжілістің жалпы отырысында депутат Тілектес Адамбеков Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымоваға ипотекалық несиелердің шекті мөлшерлемесін қайта қарау мәселесін көтерді, деп хабарлайды Alash.kz.
Депутаттың сауалына жауап берген Мәдина Әбілқасымова өткен жылы несие пайыздарының төмендегенін еске салды. Оның айтуынша, кепілсіз несиелердің мөлшерлемесі 56%-дан 46%-ға, ипотекалық несиелер 30%-дан 25%-ға, ал кепілді несиелер 45%-ға дейін төмендеген.
«Биыл біз ипотекалық несиелердің шекті мөлшерлемесін 20%-ға дейін түсірдік. Алайда қазан айында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтерген соң, кейбір банктер уақытша кепілсіз несиелер беруді тоқтатты. Сол себепті 20%-дық шекті мөлшерлеме 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды», – деді агенттік басшысы.
Айта кетейік, Мәжілістің бүгінгі отырысында «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң жобасы да талқыланды.