Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Алданып қалмаңыздар”: Тұрсынбек Қабатов Қазақстан халқына шұғыл үндеу жасады (ВИДЕО)

16:46, 05 қараша 2025 214

Тұрсынбек Қабатов қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Alash.kz.

Әлеуметтік желіде белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың алаяқтардың жаңа әдістері туралы ескерткен видеосы кеңінен тарады. Ол ел азаматтарын, әсіресе егде жастағы адамдарды интернет пен телефон арқылы әрекет ететін қылмыскерлерден абай болуға үндеді.

Қабатовтың айтуынша, алаяқтар банктің немесе полицияның атынан хабарласып, сенімге кіру үшін жасанды дыбыстар мен “банк қызметкерінің дауысын” қолданады. Олар “құжатыңызды жіберіңіз”, “СМС келеді, соны айтыңыз”, сіздің атыңыздан кредит рәсімделіп жатыр” немесе "полициядамыз, ұлыңыз бізде отыр” деген сияқты жалған ақпаратпен адамдарды алдап, ақша сұрайды.

“Ешкімге жеке деректеріңізді, банк картасының нөмірін және құпия кодын бермеңіздер. Банк те, полиция да телефон арқылы ақша сұрамайды. Сақ болайық!” – деп ескертті әзілкеш өз үндеуінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар