Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Интим суретпен бопсалаған: Жасөспірімдерді жезөкшелікке күштегендер туралы сұмдық ақпарат шықты

11:53, 19 наурыз 2025 461

ІІМ наурызда кезекті кең ауқымды "STOP-трафик" операциясын жүргізді, - деп хабарлайды Alash.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Іс-шараның үш күнінде полицейлер адам саудасына, адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартуға, притондар ұстауға және жеңгетайлыққа байланысты 40 қылмысты анықтаған.

Сондай-ақ, жезөкшелікпен айналысуға арналған үй-жайлар ұсыну бойынша 156 және қоғамдық орындарда адамдарды мазалау бойынша 640 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді.

Түрлі зауыттардың, базарлардың және құрылыс нысандарының аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
 
Мысалы, Жамбыл облысында зауыттардың бірінің аумағында көші-қон заңнамасын бұза отырып (еңбек шарттары, визалар (С-3 нысаны) және Қазақстанға келгені туралы хабарламалар болмаған), жұмыс істеген шетелдік азаматтар анықталып, полицияға жеткізілді.

"Осыған ұқсас дерек Солтүстік Қазақстан облысында анықталды, онда құрылыс нысандарының бірінің аумағында көші-қон заңнамасын бұзған 14 шетелдік жұмыс істеген. Құқықбұзушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша (шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) және ӘҚБтК-нің 492-бабы 4-бөлігі бойынша (ҚР-да тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұру) әкімшілік хаттамалар түзіліп, сотқа жолданды", - деп жазылған хабарламада.

Шымкент қаласы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері төрт адамнан тұратын топты ұстаған. Олар ұзақ уақыт бойы 18 бен 23 жас аралығындағы қала тұрғындарын жалдамалы пәтерлерде жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Күдіктілер жәбірленушілерді интим суреттермен бопсалап отырған.

"Көрсетілген деректер бойынша ҚК-нің 308-бабы 2-бөлігі (жезөкшелікпен айналысуға тарту) және ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігіне (Жеңгетайлық) сәйкес екі қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Алматы қаласында полиция қызметкерлері боди массаж салондарын ұйымдастырған жеті адамды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Соталды тергеу жеңгетайлық дерегі бойынша жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Қызылорда облысының 2007 жылы және 2006 жылы туған екі тұрғыны ұсталды.

"Олар Telegram желісінің жабық топтарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен порнографиялық бейнежазбаларды сатумен айналысқан. Бұл дерек ҚК-нің 312-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-не тіркелген (кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдардың немесе заттарды дайындау және айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту). Ұйымдастырушы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Абай облысында былтыр желтоқсанда облыстың екі тұрғынын шаруа қожалықтарында пайдалану үшін сатқан Аягөз қаласының тұрғыны анықталды.

Осы дерек бойынша ҚК-нің 128-бабы 1-бөлігімен (адам саудасы) соталды тергеу басталып, қылмыстық істер қозғалды.

"Қарағанды облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 60 жастағы ер адамды ұстады. Ол ақша үшін қыздардың аналарымен оларға қатысты жыныстық сипаттағы азғындық әрекеттерді одан әрі жасау және балалар порнографиясын жазу мақсатында келісімдер жасаған", - деп жазылған хабарламада.

Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және ҚК-нің 135-бабы (кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар