Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Иманғали Нұрғалиұлына алғысымды айтқым келеді»: Тұрсынбек Қабатов қуанышты хабарын айтты (ВИДЕО)

21:52, 03 шілде 2026

Белгілі әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов тұңғыш қызы Әдемінің жоғары оқу орнын тәмамдаған сәтінде айтулы тұлғаларға ерекше алғысын айтты, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі қызын шетелдік университетке түсіруге бағыт бағдар берген ел ағасы Иманғали Тасмағамбетов пен білім саласында қызмет еткен Эльмира Суханбердиеваны ерекше атап өтті. 

Шыны керек, Иманғали Нұрғалиұлына алғысымды айтқым келеді. Өйткені, бір отырыста «Әдеміні қайда оқуға түсіріп жатсыңдар?» дегенде, «Қазақстанда оқитын шығар» дедім. Сонда Иманғали аға айтқан еді: «Егер, балаларыңды шетелге оқытпасаң, не үшін жұмыс істеп жүрсің, Тұрсынбек? Үй алғаныңа, ішкен-жегеніңе мәз болмаңдар! Қолдарыңнан келсе, балаларыңды шет елде оқытыңдар! Әдеміні шетелге түсір!» деп. Содан, Эльмира Амангелдіқызына хабарласып, архитектураға қайда оқуға болатынын кеңес сұрадым. Эльмира Амангелдіқызы Дубайдағы Heriot-Watt деген университетті айтып, көмектесті. Біз баяғы қыз балаларды үйден шығаруға қорқамыз ғой. Иманғали аға «Қорықпа! Балалар керісінше ашылады!» деп айтқан-ды. Шынымен де. Ашылды! Қазір, Аллаға шүкір! Өзіміз қолынан жетектеп апарған қызымыз Дубайды бітіріп, 5 жылда дипломын әкеп тұрғаны бақыт емес пе? Осыдан асқан қандай бақыт бар?!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар