Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Халықтың басым бөлігі кедей – Сайыров

06:24, 02 ақпан 2022 310
Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 2,8 долларды құрайды, Ресейде күніне 6 доллар, деп хабарлайды Alash.Press басылымы.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Ерлан Сайыров Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа Қазақстанның басты әлеуметтік проблемасының бірегейі – халықтың басым бөлігінің кедейлігі туралы мәселені көтерді.
«Дүниежүзілік банк әлемдегі кедейліктің екі шегін қарастырған: табысы орташадан төмен елдер үшін күніне бір адамға 3,2 АҚШ доллары, табысы орташадан жоғары елдер үшін  5,5 АҚШ доллары. Ал Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 2,8 долларды құрайды, Ресейде күніне 6 доллар. Ең төменгі күнкөріс деңгейі өте төмен болғанның өзінде 2021 жылы табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдар саны ресми түрде 998 мың адам болды. Ал бейресми сарапшылар бұл көрсеткіштің 1,5 млн, тіпті одан да жоғары екендігін айтады», - дейді депутат.

Оның сөзінше, Ішкі жалпы өнімнің еселеп өсуіне қарамастан Қазақстан ондаған жылдар бойы, кедейлік шегін көтермей келеді. Бүгінде Қазақстан күнкөріс деңгейі әлемдегі ең төмен елдердің бірі және Нигерия, Ангола, Венесуэла, Габон сияқты елдердің қатарында тұр. Ал Еуропалық  елдерде кедейлік орташа табыстың 60% деңгейінде белгіленеді.
«Сонымен бірге, пандемия басталғаннан бері тұрмысы төмен үй шаруашылықтарының қаржысына нұқсан келтіретін инфляцияның өсуіне байланысты әлеуметтік төлемдердің тиімділігі төмендеді. Мысалы, Қазақстанда халықтың ең аз қамтылған 40 пайызы өз бюджетінің 59 пайызын азық-түлік өнімдеріне жұмсайды. Кей кездері бұл көрсеткіш одан да жоғары. Елімізде азаматтардың  төмен әлеуметтік жағдайының екі индикаторы бар – ең төменгі күнкөріс шегі және кедейлік шегі. Кедейлік шегі, ең төменгі күкөріс шегінің, яғни 36 мың теңгенің 70 пайызын құрайды», - дейді депутат.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар