Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Күтпеген жерден жақсы жаңалық…”: Жәнібектің туған анасы жайлы тың дерек шықты

14:40, 03 маусым 2026

Торғай өңірінде дүниеге келіп, кейін шетелдік отбасы асырап алған Жәнібек желідегі парақшасында жазба жариялады, деп жазады Alash.kz.

Жәнібек биологиялық анасын іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын айтты.

"Сәлеметсіздер ме, қадірлі отбасым мен достарым. Сіздермен жүрекжарды жаңалығымды бөліскім келеді. Қымбат Досжан мен Мейірман Шекеева және тағы басқа жанашыр адамдармен бірге анамды іздеуді әлі де жалғастырып жатырмыз. Бұл іздеудің қанша уақытқа созылатынын нақты білмеймін. Мүмкін ұзаққа жалғасар, мүмкін күтпеген жерден жақын арада жақсы жаңалық болар. Соңғы уақытта бізге үміт сыйлайтын бірнеше іздер кездесті. Мен күн сайын сіздерді де, анамды да ойлаймын. Баршаңызға тек жақсылық тілеймін", – деп жазды Жәнібек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар