АҚШ-тың Иранмен арадағы әскери операцияларға жұмсаған шығыны 100 миллиард доллардан асып кеткен. Мұндай деректерді Moody’s сарапшылары мен Пентагон есептеріне сүйенетін Iran War Cost Tracker платформасы жариялады, деп жазады Alash.KZ.
Мәліметке сәйкес, соғысқа сағатына шамамен 41 миллион доллар, ал секунд сайын 11 мың доллар жұмсалып жатыр.
Moody’s сарапшыларының бағалауынша, төрт айға созылған қақтығыс әрбір америкалық отбасыға орта есеппен 750 доллар шығын әкелген. Сонымен қатар әскери әрекеттер мұнай бағасының қымбаттауына әсер етіп, оның салдары жанармай құнының өсуіне ұласқан.
Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай ең алдымен табысы төмен тұрғындарға ауыр тиіп отыр.
Moody’s бас экономисі Марк Зандидің айтуынша, халықтың жинақ деңгейі тарихи минимумға жақындаған жағдайда, соғыс жақын арада аяқталмаса және энергия тасымалдаушылар бағасы төмендемесе, көптеген отбасы шығындарын қысқартуға мәжбүр болады.
Оның сөзінше, бұл өз кезегінде баяулап келе жатқан АҚШ экономикасына қосымша қысым түсіруі мүмкін.
АҚШ-тың Иранмен соғысқа жұмсаған шығыны 100 млрд доллардан асып кетті
«Желіде жас сарбаздың талып қалған видеосы тарады»: Құзырлы органдар мәлімдеме жасады
17:14, 13 қараша 2026
«445,6 мың адам»: Қазақстанда жұмыссыз жүргендер кімдер? Жаңа статистика жарияланды
16:53, 13 қараша 2026
Қуанышты хабар: Қазақстандық боксшылар World Boxing әлемдік рейтингінде көш бастады
16:05, 13 қараша 2026
«Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз» – Президент
15:13, 13 қараша 2026
«Ифтар, сухур, ухти, ахи»: ҚМДБ діни сөздерді орынсыз қолдануға қатысты үндеу жасады
14:26, 13 қараша 2026
"Әскери дайындыққа миллиардтаған рубль": Ресей мектеп оқушыларының қолына қару берді
22:02, 12 қараша 2026