Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Кінәлі деп айтуға болмайды»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің адвокаты ел күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

16:40, 03 маусым 2026

Атырау облысы Жангелдин ауданында болған қанды оқиғаға қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп жазад Alash.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Елді елеңдетіп отырған аса ауыр қылмыстық істе 26 куәгер бар. Бүгінге дейін оның жиырмадан астамы тыңдалды. Куә ретінде жауап берген сотталушының туыстары марқұмдардың, яғни Ақбаянның ата-анасы мен бауырлары отбасы арасына түсті деумен келеді. 

Өткен сот отырысында куә ретінде жауап беруден бас тартқан сотталушының анасы ұлын кінәламайтын сыңай танытты. Керісінше, артыңда бес балаң бар деп, демеу білдірді.

Ал айыпталушының әкесі құдаларымен арадағы қарым-қатынас 2022 жылдан бері үзілгенін айтты. Оның сөзінше, болған жағдайды әлі күнге дейін қабылдай алмай жүр. Самиғолла Сәрсемалиев, сотталушының әкесі: 

— Ара қатынасты үзіп тастады ғой. Өзі келіп, қызын бөлек шығарам деп, содан кейін араласқан жоқпыз. Әлі түсінбей жүрмін. Есімнен танып қалған сияқтымы. Ойлау да адамға қиын ғой. 

Сот барысында сотталушының туыстары мен Жангелдин ауылынан куәлар тыңдалды. Коммуналдық қызмет мамандары, ауыл медбикесі, көршілері және Атырау қаласынан күдіктіге үй жалға беруші куәлік етті. Жәбірленуші тарап сотқа «марқұм үй иелерінің есігінің алдынан жуықта екінші кілтті тапқанын, оны кім, қалай қойып кетінен білмей жүрміз, тіпті оған құзырлы органдар назар аудармады» деп айтты. Бұған прокурор да нақты жауап бере алмады Мирас Бауыржанов, мемлекеттік айыптаушы: 

— Іс бойынша барлық дәлелдеме сотқа ұсынылды. Қазір бас сот талқылауы жүріп жатыр.

 Ал сотталушының қорғаушысы Сұлтан Сәрсемалиевтің кінәсін мойындауы «оның кінәлі екенін білдірмейді» дейді. Бұған дейін өзін мемлекет тағайындаған адвокат ретінде таныстырған қорғаушы бұл жолы іске қайырымдылық негізде қатысып жүргенін мәлімдеді. Айыпталушының екі адвокаты бар. Асан Жұмабаев, сотталушының адвокаты:

— Әлеуметтік көмек, қайырымдылық негізде көмек жасауға болады. Бұл бойынша туысқандармен жасалған келісімшарт бар. Сәрсемалиев әлі кінәлі болып табылған жоқ. Оны кінәлі деп айтуға болмайды. Мойындай берсін. Кінәлі, я кінәлі емес пе, оны сот шешеді. Сұлтан Сәрсемалиев өткен сот отырысында Наурыз Мұқанғалиевты «қасақана өлтірген жоқпын, өзімді қорғадым» деп мәлімдесе, Мейрамгүл Қарабалинаны 32 жерден пышақтап өлтіргенін мойындады. 

Айта кетейік, сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің аса ауыр — 13 бабымен айып тағылған. Ол 2025 жылдың мамыр араша айында қайын ағасы Наурыз Мұқанғалиевты пышақтап өлтіріп, қалада жалдап тұрған үйдің іргесіне көмген. Жеті айдан кейін, яғни қарашада Жангелдин ауылына барып, қайын атасы мен енесін азаптап өлтіріп, марқұмдардың үлкен қызы Мейрамгүл Қарабалинаны қалаға алдап ертіп келген. Бірер күнде оны да өлтіріп, ағасы Наурызды көмген жерді қайта қазып, соның үстіне тастаған. Мұнымен де тоқтамаған. Марқұмдардың барлығының жеке куәлігін, ұялы телефондарын, тіпті, әлеуметтік төлемдерін емін-еркін пайдаланып және малын сатып, олардың атынан несие рәсімдеген деген күдікке ілініп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар