Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Беті көгеріп, аузынан ақ көбік аққан“: Маңғыстауда үй ауласынан 12 жастағы бала өлі табылды

20:53, 03 маусым 2026

Маңғыстау облысында 12 жасар бала өлі табылды, деп жазады Alash.kzz

Қайғылы оқиға Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы жеке сектордағы үйлердің бірінің ауласында болған. Тұрғындар тұншығу белгілері бар оқушы баланың денесін тауып алған.

"Оны алдымен басқа бала көрген, бастапқыда ол әткеншек теуіп отыр деп ойлаған. Қасына жақындап келіп, мұқият қараса баланың беті көгеріп, аузынан ақ көбік аққан. Ол қорыққанынан дауыстап әке-шешесін шақырған. Өз кезегінде олар полиция мен жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Оқиғаның себебі әлі анықталған жоқ",  – деп жазады Lada.kz.

Баланың өлімін облыстық жедел жәрдем станциясының қызметкерлері растады. Дәрігерлердің айтуынша, оқиға орнына шақырту 1 маусымда тіркелген. Дәрігерлер 2014 жылғы кәмелетке толмаған баланың өлімін растады.

Өңірлік полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. 

"1 маусымда полицияға Мұнайлы ауданы Атамекен ауылындағы үйлердің бірінде баланың көз жұмғаны туралы хабарлама түсті. Алдын ала мәліметтер бойынша, 12 жасар бала аулада қолдан жасалған әткеншекпен ойнап жүргенде жазатайым оқиғаға тап болып, салдарынан өміріне сәйкес келмейтін жарақат алған. Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жария етуге жатпайды", – деп хабарлады Маңғыстау облыстық ПД.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар