Халық әртісі, белгілі әнші Димаш Құдайберген Алматы облысындағы «Баянқол» шекара заставасына барды, деп жазады Alash.kz.
ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Димаш Құдайберген офицерлер мен әскери қызметкерлермен кездесу өткізіп, ел шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Сондай-ақ ол осы заставада шекарашы мен қызметтік иттің достығын баяндайтын «Таймас» көркем суретінің түсірілім процесімен танысты.