Продюсер әрі актриса Дариға Бадықова желідегі парақшасына жазба жариялап, жеке өміріне қатысты сауалға жауап берді, деп жазады Alash.kz.
"Жеке өмір кей көрермендерге қызық екен, картаның толық ашылмағаны ұнайды.
Ішіңізге қалай сияды деп жатқандар да, бар. Тым тереңмен…
20 миллион халыққа жылып-сықтап, айра-жайра болып, сен қатын да, “мен” қатын, болып отыруға желание жоқ.
Соғыс кезі емес, ел аман жұрт тыныш.
Әркім өз өмірімен тыныш қана алыссын.
Бәрімізде тағдыр бар, ешкім көруге болмайтын.
Жеке өмір халлыққа айтылатын жағдай емес!
Онсызда қызығымыз таусылып, шаршаттық! Көрермендер әуелі боқтайды, осы өнер адамдары қанымызды ішті, сендердің өмір керек еді бізге деп. Расымен керек емес ол кісілерге.
Әркім өз басымен әлек.
Өзіміз ғой бықсып естіртіп жүрген. Естеген соң, талқыға түсеміз сосын, ренжиміз!
Жеке өмір шекара", - деп жазды Дариға Бадықова.