Танымал әнші, айтыскер ақын Төреғали Төреәлі стадионда беретін үлкен концертінің туралы айтты, деп жазады Alash.kz.
НТК арнасы тілшісінің «Стадионда неліктен концерт бермей жүрсіз?» деген сұрағына былай деп жауап берді:
«Құдай қаласа… Концерттің ауылы алыс емес деп ойлаймын. Тіпті, аренаның жалдау құнын төлеп қойғанмын. Былтыр. Сабақты ине сәтімен дейді ғой. Әртүрлі жағдайлармен болмай қалып жатыр. Кейде, концерт жасайтын ұйымдастырушы көңілден шықпай тұрады. Кейде, өзіңе көңілің толмай тұрады деген сияқты».