АҚШ грин-карта бағдарламасын тоқтатты, деп хабарлайды Alash.kz.
Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм Браун университетіндегі атыс пен MIT профессоры Невес Валентенің өліміне күдікті ер адамның елге сегіз жыл бұрын грин-карта лотереясы арқылы келгенін хабарлады.
Ноэмтің айтуынша, бұл адамды елге кіргізбеу керек еді. Ол Президент Трамптың нұсқауына сәйкес АҚШ Азаматтық және иммиграция қызметіне DV1 бағдарламасын тоқтатуды тапсырған.
Еске сала кетейік, Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласындағы Браун университетінде болған атыс салдарынан екі адам қаза тапқан.