Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.
Алаяқтар енді өздерін медицина маманымын деп таныстырып жүр.
«Сізге диспансерлеу, флюорографиядан өту ұсынылады. Ыңғайлы күнді таңдап, тіркелу үшін SMS арқылы келген сандарды айтуды сұрайды. Ешқандай жағдайда кодты айтпаңыз! Алаяқтар сіздің жеке кабинеттеріңізге қашықтан кіріп, дербес деректерді иемдену арқылы несие рәсімдей алады. Бұлар бұрын банктің қауіпсіздік қызметкерлері немесе полиция қызметкерлері болып хабарласқан алаяқтар», — деп ескертті полиция қызметкерлері.
Осы туралы жақындарыңызға, әсіресе, егде жастағы адамдарға ескерте жүріңіздер.