Белгілі кәсіпкер Қанат Көпбаев Салық кодексіне енгізілетін ауқаттыларға салық салу бастамасына қатысты пікір білдірді. «Kusto group» co founder, «Бәйге федерациясының» президенті Қанат Шоқанұлы Айкерім Есенәліге берген сұхбатында табысы аса жоғары тұлғалардың салығын өсіру туралы депутаттардың ұсынысына қатысты өз ойын ашық айтты, деп хабарлайды Alash.KZ порталы.
Бұл жайлы turkystan.kz жазды.
«Салық өссін, бірақ оның да шегі болу керек. Франция мен Англияда байлық салығы өсті, миллионерлердің барлығы шетелге қашып жатыр. Елдің барлығы Дубайға көшіп жатыр. Біздің елде ешкім қашады деп айта алмаймын, салық ол елге, халыққа жұмсалатын қаржы, ол өссе жақсы, бірақ не нәрсенің шегі болғаны дұрыс», – дейді кәсіпкер.
Айта кетейік, Қанат Көпбаев – Forbes.kz нұсқасы бойынша табысты кәсіпкерлердің тізімінде 21-орында тұрған кәсіпкер. Сонымен қатар, ол сұхбатта әйелдердің бизнестегі мүмкіндіктері, өз жарымен қарым-қатынастары, балаларға қалдыратын мұра мен тәрбие туралы айта кетті.