Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ер адамның бетіне оқ атқан»: Ақтаудағы кафелердің бірінде сұмдық оқиға орын алды (ВИДЕО)

14:42, 09 шілде 2026

Ақтаудағы дәмханалардың бірінде белгісіз біреу ер адамның бетіне оқ атты, деп хабарлайды Alash.kz.

Қарулы қақтығыс 8 шілде күні түнгі сағат 01:00 шамасында орын алған. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің ресми мәліметінше, құқық қорғау органдары жедел әрекет етіп, аталған қылмысқа қатысы бар деген күдіктіні бірден қолға түсірді.

Оқ тиген зардап шегуші уақытылы ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті барлық медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер қазіргі уақытта оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын алға тартты.

Қазіргі уақытта бұл қанды оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары ресми түрде басталып кетті. Оқиғаның туындау себептері, өзге де мән-жайлары және іске қатысушы тұлғалардың әрекетіне қандай құқықтық баға берілетіні әзірге тергеу мүддесіне байланысты жарияланған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар