Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ер адам Атырауда көлігін сызып кеткен жанды аяусыз соққыға жығып мерт қылды (ВИДЕО)

11 маусым 2024 4297

Атырауда белгісіз ер адам базарда төбелес шығарып, қылмыс жасады, деп хабарлайды Alash.kz Caspiannews.kz инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

Оқиға "Дина" базарында болған. Бейнебақылау камерасына ер адамның екінші бір азаматты аяусыз соққыға жыққаны түсіп қалған.

Қолда бар мәліметке қарағанда, жәбірленуші ер адам соққыға жыққан күдіктінің көлігін сызып кеткен көрінеді. Шиеленіс содан шыққан.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті УҰИ-на қамауға алынды. Жәбірленуші ауруханада алған дене жарақаттары салдарынан қаза тапқан"-делінген Атырау облысы ПД берген мәліметте.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?