Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Енді науқастарды медбике қабылдап, өзі диагноз қояды". Медицинадағы өзгерістер хабарланды

10:52, 18 мамыр 2024 806

Денсаулық сақтау министрлігі биылдан бастап медицинада болатын реформаларды түсіндірді. Оның ішінде есепте тұрған науқастарға арнайы маманға бару жолы жеңілдетілетіні, мейірбикелердің пациенттерді өздері қабылдайтыны, балалар мен студенттер ата-анасымен бір емханада тіркеуде тұратыны,шалғай ауылдарда медициналық виртуалды кабинеттер ашылатыны айтылды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Енді медбикелер пациенттерді өздері қабылдайтын болды. 

Емханалардың дәрігерлері мен мейіргелерінің функционалын қайта бөлу нәтижесінде мейіргелерге науқастарды өз бетінше қабылдау құқығы беріледі.

Орта медициналық персоналды кардиология, нефрология, эндокринология, гастроэнтерология, офтальмология, оториноларингология және хирургия сияқты бірқатар бағыттар бойынша аурумен ауыратын науқастарды басқаруға мүмкіндік беретін бағдарламалар бойынша оқыту басталды.

Бұл дәрігерлерге жүктемені неғұрлым ұтымды бөлуге және бастапқы буынның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, созылмалы науқастарды жоспарланған қабылдау енгізіледі, онда науқасты тексеру және диагностикаға жолдама беру орта медицина қызметкерлеріне беріледі.

Бұл жаңалықтар жалпы практика дәрігерінің жүктемесін азайтуға, медициналық көмек алу процесін оңтайландыруға және оны қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Мейіргерлер диспансерлік науқастарға кейбір тексерулерді өздері жүргізеді, оларға рецепттер мен талдауға жолдама береді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар