Қазақстандық автокөлік иелері үшін 2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап мемлекеттік тіркеу нөмірлерін (МТНБ) еркін таңдау мүмкіндігі енгізіледі, деп хабарлайды Alash.kz.
Енді азаматтар өз қалауы бойынша кез келген цифрлық және әріптік комбинацияларды құрастыра алады.
Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызының мәлімдеуінше, бұл қызмет түрін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары (Мамандандырылған ХҚКО) арқылы алуға болады.
Жаңа ережеге сәйкес, қалаулы әріптер мен сандардан тұратын нөмірлердің құны 10 АЕК және 15 АЕК мөлшерінде белгіленген. Айта кететін жайт, бұл жеңілдік жоғары сұранысқа ие (VIP) нөмірлерге қолданылмайды.