Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елімізде білікті маман жоқ. Қазақстандағы 740 мектепке директор жетіспейді

09:27, 07 ақпан 2025 217

Оқу-ағарту министрі кеңейтілген алқа отырысын өткізді. Жиында маман тапшылығы сөз болды, атап айтқанда, еліміздегі 740 мектепке директордың жетіспейтіні айтылды,  деп хабарлайды, Alash.kz.

Жиында айтылған мәліметке назар салсақ, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарында маман тапшы. Білім саласында кадрлық дағдарыс байқалады.

Сонымен қатар, "мақсатты мектептер" жобасы аясында биология, информатика, ағылшын және қазақ тілдері бойынша пән мұғалімдерінің білікшіздігі анықталған.

Осы орайда министр маман дайындау мәселесіне тоқталып, оқу ордаларының білім беру бағдарламаларын қайта қарауды ұсынды.

"7 653 түлектің ішінде 45 пайызы ғана 50 пайыздық шекті деңгейден өте алды. Бұл пәндік білімдегі елеулі олқылықтарды көрсетеді, Өрлеуге педагогикалық жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларын түбегейлі қайта қарауды тапсырамын", - деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар