Алматы аумағында осыдан екі апта бұрын із-түссіз жоғалған Қызылорда облысының тұрғынын іздеу бойынша кешенді шаралар жүріп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.
Оңтүстік астанада өрістеген іздестіру жұмыстары туралы ақпарат LIDER.KZ еріктілер қозғалысының Instagram-дағы ресми парақшасында жарық көрді.
Белгілі болғандай, 1986 жылы туған Назым Түсіпбайқызы Жақышева 13 шілде күні сағат 13:30 шамасында Қызылордада орналасқан мекенжайынан шығып кеткеннен кейін үйіне қайтып оралмаған. Іздеу топ өкілдерінің дерегінше, жоғалған азаматша ертесіне таңертең Алматының Наурызбай ауданында, дәлірек айтқанда Әшімов көшесінің бойында байқалған. Содан бері оның қайда жүргені жайлы ешқандай мәлімет жоқ.
Оның сырт келбеті мен сипаттамасына тоқталсақ: бойы шамамен 165 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара әрі ұзын. Соңғы рет ол үстіне ұзын жеңді қызғылт түсті кофта, қара жейде, көк шалбар және аяғына қара балетка киген. Сонымен қатар жанында күннен қорғайтын көзілдірігі болған.
Күдіктіні немесе осы азаматшаны көрген-білген, оның жүрген жерінен хабары бар тұрғындардан еріктілер ұйымына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарласу сұралады.