Ақмола облысындағы Қорғалжың ауылында бір апта бұрын із-түзсіз жоғалған Жандәулет Қалмырза әлі табылған жоқ, деп хабарлайды ALASH.KZ «КТК» телеарнасына сілтеме жасай отырып.
Бала соңғы рет балалармен Нұра өзенінің жағасында ойнаған көрінеді.
Lider. KZ еріктілер ұйымының өкілі Айзада Жүсіпованың айтуынша, баланың әзірге тек екі аяқ киімі табылған.
«Бала жоғалғаннан кейін екі күн өте біз оның кроссовкилерін таптық. Біреуі өзеннің жағасында, екіншісі сол жерден алтын шақырым жерден табылды. Біз осы аумақты бірақ тексеріп шықтық. Өзен бойына тор іліп, оны да тексеріп отырмыз», - дейді Айзада Жүсіпова.
Ал, баланың досы соңғы рет Жандәулет екеуі Нұра өзенінің жағасында ойнап жүргенін, кенет ол суға түсіп кеткенін айтқан. Дегенмен, құтқарушылар суды да, жерді де түгел тексеріп жатыр.