Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дүние үшін асқан жауыздықпен адам өлтірген айуан 22 жылға сотталды

19:45, 20 қараша 2024 306

Ақтөбеде пайдакүнемдік ниетпен кісі өлтіру ісі қаралды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында пайдакүнемдік ниетпен кісі өлтірді деген айыппен У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодекстің 192 бабының 3 бөлігінің 2 тармағы, 99 бабының 2 бөлігінің 8 тармағы) Сот сотталушы У.-дың жәбірленуші С.-ға шабуыл жасағанын, оның мойнына жүргізушінің қауіпсіздік белдігін орап, тұншықтырғанын анықтады.

Жәбірленушінің 150 мың теңге тұратын алтын алқасын және Toyota Camry автокөлігін иемденді. Бұдан әрі адам өлтіру ойы туындап, аталған автокөлікті иемдену мақсатында, автокөлікте бола отырып, жәбірленушінің мойнындағы қауіпсіздік белдігін тартуды жалғастырды.

Көмек сұрап айқайлағанына қарамастан, ол тұншықтыруды тоқтатпаған және өмір белгілері тоқтаған кезде қауіпсіздік белдігін босатқан.

Әрі қарай ол марқұмның кім екені анықтауға қиындату үшін, оның бетін пышақпен кесіп, мәйітін ауылдық жолдың жанындағы бұталарға тастап, қылмыс орнынан қашып кетті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар