Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Досына араша түспек болған…»: Павлодарда орын алған қаралы оқиғаға қатысты ел есьімеген дерек шықты

16:39, 02 сәуір 2026

Павлодар қаласында өткен жылдың шілде айында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты шығарылған сот үкімінің күші жойылды, деп хабарлайды Alash.kz. 

30 жастағы Ерғанат Бисембаев бірнеше адам шабуыл жасаған досына араша түсу барысында алған пышақ жарақатынан көз жұмған болатын. Бұған дейін алқабилер соты айыпталушыны жеңіл жазаға кескенімен, істегі жаңа мән-жайларға байланысты сот өндірісі қайта басталатын болды.

Алқабилер сотының алғашқы шешімі бойынша сотталушы тек өзін-өзі қорғау шегінен шыққан деп танылып, бір жылға ғана бас бостандығынан айырылған еді. Алайда кейіннен алқабилер құрамындағы екі адамның заң алдындағы өткені туралы маңызды деректерді жасырғаны анықталды. Олардың бірінің жақын туысы сотталған болса, екіншісі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны белгілі болған. Осы деректердің ашылуына байланысты бұрынғы үкім заңсыз деп танылып, қылмыстық іс жаңадан қарауға жіберілді.

Марқұмның артында екі кішкентай баласы қалды. Қазіргі уақытта қаза тапқан азаматтың жұбайы мен жақындары кінәлі тұлғаның тиісті жазасын алуын және әділ сот шешімінің шығуын талап етіп отыр.

Aлдағы сот процесінде істің барлық егжей-тегжейі мұқият тексерілмек. Құқық қорғау органдары мен сот жүйесі оқиға кезіндегі әрекеттерге қайтадан құқықтық баға береді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар