Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы Парламент құру бастамасына қатысты ойын айтып, бұл ұсыныс еліміздегі саяси реформалардың заңды жалғасы екенін атап өтті, деп хабарлайды Alash.kz Ақорданың Telegram арнасына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Парламентті реформалау екі палатаны «механикалық біріктіру» емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, басты мақсат – депутаттар санын шамадан тыс арттырмай, жұмыс тиімділігін күшейту.
«Парламенттік реформа – екі палатаны жай біріктіре салу деген сөз емес. Меніңше, депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ. Керісінше, оңтайландырып, Парламенттің жұмысын жетілдіру қажет. Мысалы, бір палаталы жаңа Парламентте Президент квотасы болмайды. Барлық депутаттар бірдей тәртіппен сайлануы қажет. Бұл алдағы Парламенттік реформа аясында жасалатын аса маңызды қадам», – деді Тоқаев.