Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаев ісі: алқабилер іріктелді, келесі сот отырысы қашан?

15:11, 27 наурыз 2024 515

Бүгін, 27 наурызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті.

Бұл туралы Жоғарғы Сот Telegram арнасында мәлімет жариялады.

«Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы. Ашық режимде өтетін келесі сот отырысы 2024 жылдың 27 наурызында сағат 16:00-ге белгіленді», - делінген Жоғарғы соттың баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, 11-12 наурызда Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталып жатқан бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өткен болатын.

Еске салсақ, бұған дейін Жоғарғы Сот Бишімбаевтың сотында алқабилерді суретке түсіруге және жеке басын анықтауға тыйым салғанын хабарлағанбыз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар