Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бұзақылық жасады". Алмас Кішкенбаев алдағы дүйсенбіде сотқа тартылады

11:03, 01 ақпан 2025 1599

Әнші Алмас Кішкенбаевтың алдағы аптаның басында, яғни дүйсенбісінде ұсақ бұзақылық жасады деген айыппен сотқа тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Alash.kz  порталы.

Бұл хақында Kozachkov offside хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, жұмаға қараған түні 39 жастағы ер адам полицияға жеткізілді. Кәмелетке толмаған курьердің әкесі азаматтың үстінен шағымданған.

Нәтижесінде Алмас Кішкенбаевтың әрекеті ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзды деп танылды.

Жеке тұлғаларды қорлау және басқа да осындай әрекеттер үшін Кішкенбаевқа 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Сот отырысы 3 ақпанға белгіленді.

 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар