Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы не жайында сөйлескенін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
Зеленский Трамппен Нью-Йоркте кездесуге келіскенін мәлімдеді.
«Жаңа ғана президент Трамппен сөйлестім. Маңызды әңгіме болды, көптеген мәселені талқылап үлгердік. Нью-Йоркте кездесуге уағдаластық. Бұл кездесу көп нәрсені өзгертуі мүмкін. Дипломатиялық серпін бар», – деді Владимир Зеленский.