Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Заңсыз есірткі айналымына қатысы болуы мүмкін»: Белгілі актер ұсталды (ФОТО)

11:14, 21 қыркүйек 2026

«Ғаламат ғасыр», «Шұңқыр» және «Қайран күндер» сериалдары, сондай-ақ «7-камерадағы ғажайып» фильмі арқылы көрерменге танылған түрік актері Арас Булут Ийнемли ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Кино жұлдызы есірткінің заңсыз айналымына қатысты жүргізіліп жатқан ауқымды тергеу ісі бойынша күдікке ілінгендердің қатарына кірді. Ресми мәліметтерге сәйкес, Стамбұл жандармериясы өткізген арнайы операция барысында жалпы саны 15 адам қолға түскен. Ұсталғандардың арасында танымал актерлер мен әншілерден бөлек, ірі кәсіпкерлер, ойын-сауық орталықтарының иелері және блогерлер бар. Құқық қорғау органдары күдіктілерді тұтқындап, олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тінту жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ іс аясында ұсталған барлық тұлғалардан биологиялық сараптамалар алынып жатыр. Заңды процедуралар мен барлық қажетті тексерістер аяқталғаннан кейін күдіктілер ресми жауап алу үшін тікелей прокуратураға жеткізіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар