Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі - туризм саласы - МАҚСАТ ХАЛЫҚ

18:48, 27 тамыз 2024 641

Бәріміз білетіндей, өткен жылда президент өз жолдауын экономикалық басым бағыттарға арнаған болатын. Ол жерде қатты көзге түскені Қазақстанның жалпы ішкі өнімін екі еселеу, яғни 450 млрд долларға жеткізу межеленген болатын.

Президент тапсырмасы бойынша көрсеткішті мейлінше көтеріп, кем дегенде 6-7 пайызды құрау сұралған еді. Еңбектің арқасында алынбайтын қамалдың болмайтыны секілді, ел болып, жұмыла жүк көтерсек, межеленген сапаны да көрсетіп қалуымыз бек мүмкін. Ол үшін әрине, уақыт пен төзімнің қажет болатындығы айтпаса да түсінікті.

Сонымен қатар, президент бірнеше бағытқа басымдылық берген болатын. Ол, яғни өндірісті дамыту, өндірісі дамыған елдердің қатарына қосылуға бағытталған тапсырмалар еді. Ол бойынша не істеліп жатыр?

Өткен жолы біз индустрия министрлігімен кездесуде болдық, утиль алым мәселесі қозғалған еді, сонда Шарлапаев мырзаға сұрақ қойдым. Бізде экономиканың қай саласында нақты өндірісті дамытуымыз керек, сол айқындалды ма?

Қай салаларды біз сыртқы импорттан қорғауымыз керек? Тізімі бар ма дегенімде әлі тізімі жоқ, бірақ болашақтың еншісіендегі дүние екендігін айтқан болатын.

Кескіндемелер жасалып, сол бағытта жұмыс жасау ұсынылып жатқандығын тілге тиек еткен еді. Одан кейін, президент басым бағыттар ретінде Венчурул қаржыландыру және оның маңыздары туралы айтқан. Бұл ел экономикасы үшін басым бағыттардың бірі және осы жолда жұмыс жасау бойынша жастар тарапынан түсіп жатқан ұсыныстар көңіл қуантады.

Тағы бір айта кететінім, ол, жасыл энергетика мен жасыл қаржыларды дамыту  бойынша, оған басымдық беру мәселесі болып отыр. Жасыл энергия көздерін дамыту бойынша Араб елдерінен, Германиядан инвестиция тартылып жатқандығы айтылады. Бұл туралы жобалардың енді қолға алынып жатқандығын айтып өтуіміз керек.

Дұрыс бағдарланып, бағымды бағдар беріліп отыратын болса, бұл саланың да гүлденері анық. Бүгінгі тақырыптағы ең өзектісі дейтінім туризм саласы. Көк майса мен көк шалғынның үстінде отырған еліміз үшін дәл осы саланы дамыту керек-ақ!

Президентіміздің де осы салаға бей-жай қарамайтындығын аңғара аламыз. Табиғаты тамаша саналатын алқаптарға көптеп туристік орталықтар ашып, ел болашағын, экономикасын дамытуға деген белсенділікті ояту қажет. Сөзден іске көшетін уақыттың келгені анық.

Сондай-ақ, агроөнеркәсіп пен логистика саласын дамыту жолға қойылса деген тілек те бар, Қытаймен сауда байланысы артып келе жатқандығын білетініміз секілді, одан түсетін пайданың да баршылығын мойындаймыз.

Қазір көпшілік халық арасында қызығушылық туындап, түрлі курстар мен сабақтар жүргізілуде.

Алаңдатушылық тудыратын жайттар туралы да айтып өтсем, елімізде су және иррегация министрлігі құрылып, Орта Азияда болашақта өте үлкен көлемде су тапшылығы болатындығын болжады.

Су мұздықтары қазір қатты еріп жатыр, келер ұрпақ тіпті осы мұздықтарды көрмеуі мүмкін, сондай өмірге келе жатырмыз. Ол дегеніңіз ертең су тапшылығы болады деген сөз. Осыған орай арнайы министрліктің құрылғандығы өте дұрыс. Өз көзқарасымды айта кетсем, министрлік өте көп, олардың санын қысқарту керек деп ойлаймын. Өйткені қандай да бір мәселе туындай қалса, жеке бір министрлік құра салу бізде әдетке айналып бара жатқан тәрізді. Сондықтан министрліктерді қысқартып, біріктіретіндерін біріктіріп, оптимизация жасап, үлкен тиімділікпен жұмыс жасау керек деп есептеймін.

Сонымен қатар, экономикамыз үшін дұрыс бағдар бере алатын министрліктер өз жұмыстарын қарқынды түрде жалғастырып, пайыздық және түрлі көлемдегі үлестерді жүйелі түрде сараптағанда болашақтың іргесін нық қалауға, дамыған мемлекеттермен тереземіздің тең бола түсуіне қадамдар жасайтын едік.

Көңіл қуантатыны, биылғы жылдан бастап Президент жарлығына сәйкес, «Ұлттық қордан балаларға» жобасының іске асқандығы. Онда 18 жасқа толмаған әр балаға Ұлттық қордан жеке шот ашылып, әрқайсысына 100 доллардан салынды. Бұл дегеніміз балалардың ел болашағы үшін маңызының зор екендігін көрсетті.  Ұлттық қордың инвестициялық кірісін арттыру арқылы, балаларға түсетін қаржының көлемін ұлғайту керек деген мәселе тұр.  Мен көп жерлерде шетелден қайтарылған активтердің көбін 

Ұлттық қорға аударайық дегенді айтып жүрмін. Сонда біз Ұлттық қордың көлемін де еселейміз, тиісінше балаларға аударылатын ақшаның да көлемін ұлғайтатын едік.

Мақсат Халық

Progente экономикалық зерттеу орталығының жетекшісі,

Халықаралық Бизнес Университетінің аға оқытушысы

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар