«Қазгидромет» мамандарының болжамына сәйкес, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында күшті жел, жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.
Түркістан, Алматы және Жетісу облыстарында желдің екпіні кей жерлерде секундына 30 метрден асып, аса қауіпті деңгейге жетуі мүмкін.
Шымкент, Түркістан қалаларында және Алматыда найзағай ойнап, қатты жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Таулы аймақтарда жауын-шашын күшейеді.
Алакөл маңында да жел күшейіп, қауіпті жағдай қалыптасуы мүмкін.
Сонымен қатар, бірқатар өңірлерде тұман мен көктайғақ болжануда. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында жаңбыр мен қар аралас жауын жауып, көріну қашықтығы нашарлайды.
Қызылорда облысында шаңды дауыл мен қатты жел болуы мүмкін. Ал Түркістан және Алматы облыстарының батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
«Дипломым жоқ – бизнесім бар" - Төреғалидың қарындасын "Хабар" жүргізушілікке шақырды
18:05, 20 қараша 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сын-қатерлерді ескеру қажет. Түрлі болжамдар жарияланып жатыр».
17:05, 20 қараша 2026
Астанада тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуге арналған «Халық заңгері» акциясы өтті
16:38, 20 қараша 2026
«Жұмыстың нәтижесін тексеру керек. Жол бермеуіміз керек» – Қасым-Жомарт Тоқаев
15:25, 20 қараша 2026
Орталық Азиядағы алғашқы ел: Қазақстан БҰҰ-ның рейтингінде үздік 20 елдің қатарына енді
11:19, 20 қараша 2026