Әзірбайжанда Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандар үшін аза тұту күні басталды, деп жазады Alash.KZ.
Кеше Баку-Грозный бағытымен бара жатқан Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы Ақтауда апатқа ұшырады. Құлағаннан кейін әуе кемесі өртеніп кетті.
Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиғаға құстар тобының соқтығысуы себеп болуы мүмкін.
Қылмыстық іс қозғалды. Ұшақ апатының себептерін тергеу үшін Үкіметтік комиссия құрылды.
Бортта 62 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болды. 29 адам, оның ішінде екі бала аман қалды.