Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Біздің әскери казармаларды көрсеңіз, іші шіріп жатыр" - Айдос Сарым

09:59, 07 қараша 2022 194


Мәжіліс депутаты Айдос Сарым қазақстандық армияның ахуалы туралы ащы шындықты айтты. бұл туралы ол «Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұхбатында айтқан.

Ақтөбеде содырлар қару-жарақ дүкенін тонағанда оларды тұтқындап, залалсыздандыру екі-үш күнге созылып кетті. Себебі снайпер болмапты. Снайперді Алматыдан алып келу керек. Ал ұшақ аптасына бір-ақ рет ұшады. Сонда екі-үш ұшақ ауыстырып, снайперді алып келген екен", дейді Айдос Сарым.

Оның айтуынша, сол оқиғадан сабақ алып, әр өңірде қажетті әскери мамандарды даярлау қолға алынғанымен, әскердегі кадр мәселесі әлі күнге дейін өткір.

Қазір біздің әскери училищелерге талапкерлер жинау 50% ғана орындалып жатыр. Орыс әскері туралы көп нәрсе айтуға болады. Бірақ орыстың тарихы бар, кино, әдебиеті арқылы орыс офицері, офицердің ар-намысы деген категориялар қалыптастырылды. Ал қазақта ондай жоқ. Украинада әр әскери қосын батырларының атымен аталады екен. Бізге де бәлкім Қабанбай батыр, Бөгенбей батыр атындағы дивизия деп атау керек шығар. Тым болмағанда әруақ қонып, қай елдің армиясы екенін көрсететін символикалық қадамдар да жасау керек шығар, - деді депутат.

Сондай-ақ ол депутат ретінде әскери бөлімшелерге жасаған іссапарларында көзімен көрген картиналарды сипаттап берді.

«Біздің әскери казармаларды көрсеңіз... Шынын айту керек, анандай казармада жатып, Отанды қорғау – ерлік. Іші шіріп жатыр, су, құбыр мәселесі. Бірнешеуін аралап шықтым, жүрегің ауырады. Тәуелсіз елдің армиясы ондай жағдайда өмір сүрмеуі керек. Әскер, күштік құрылымдарға деген көзқарас өзгеруге тиіс. Құдай бізге осы істерді реттеп алуға 5-10 жыл тыныштық берсін», - деп тіледі Айдос Сарым.



Тағы да оқыңыздар:


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар