Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бірнеше жылдан кейін орманда мамандар қалмауы мүмкін – депутат

07:52, 22 желтоқсан 2022 387
 


Қазақстанда орманшылардың жалақысы 2 есе өсіру ұсынылды. Бұл туралы Сенат депутаты Айгүл Қапбарова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол депутаттық сауалын Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жолдады.

«Біз Қазақстанның табиғатын сақтап қалғымыз келсе, бүгін орманшылардың жағдайын жақсартуымыз керек. Орманға қауіп төндіретін өртті сөндіру ең алдымен орманшылардың міндетіне жатады. Төтенше жағдайлар күші әдетте үлкен өртке айналған жағдайда көмекке келеді, ал көмек келгенше өрттің таралмауын ұстап тұруға орманшылардың қолда бар материалдық-техникалық базасы мен адам саны жетіспейді. Уақытында сөндірілмеген өрттің салдары қандай зардапқа, орны толмас шығындарға әкеп соқтырып жатқаны бәрімізге белгілі», - деді Айгүл Қапбарова Сенаттың жалпы отырысында.

Сенатор білікті орманшылардың саны жыл сайын азайып бара жатқанын, ал жастар жалақының төмендігіне байланысты олардың орнына келгісі келмейтінін айтты.
 

Бірнеше жылдан кейін бұл салада мамандар мүлдем қалмауы мүмкін. Орман және табиғат қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту және оларды нормативтерге сәйкес алдағы 3 жылда 100% қамтамасыз етуді, орман шаруашылығы саласындағы кадр тапшылығы орын алмауы үшін орман мекемелері  мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметкерлерінің жалақысын кем дегенде 2 есеге арттыруды көздейтін кешенді шаралар қабылдауды сұраймыз, - деді депутат.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар