Шымкент қаласында тұратын 12 жастағы оқушы Әлтайыр Ерназаров соңғы жеті жыл ішінде 650 кітап оқыған, деп хабарлайды Alash.kz.
«Отырар» басылымының мәліметінше, Әлтайыр кітап оқуға бес жасынан бастап қызыққан. Ол бірнеше тілді еркін меңгеріп, халықаралық тіл байқауларына қатысқан.
Қазіргі таңда оқушы ағылшын тілін жетік біледі, сондай-ақ француз, неміс және түрік тілдерін меңгеріп жүр. Әлтайыр қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі кітаптарды еркін оқиды.