Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бектенов заңсыз иемденген активтерді қайтару туралы Тоқаевқа есеп берді

12:51, 01 наурыз 2024 305

Президент Тоқаев ҚР Үкімет басшысы Олжас Бектеновты қабылдады. 

Бектенов президентке қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай мен экономиканың өсімін қамтамасыз ету жоспары туралы баяндалды.

Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысына отандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту үшін қабылданып жатқан шаралар жайында мәлімет берді. Қазақстандық өнімдердің үлесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың, жер қойнауын пайдаланушылар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алу рәсімдерін жетілдіру жұмыстары басталды.

Сонымен қатар Президентке Заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар